Димаш Құдайберген продюсер ретінде алғашқы марапатына ие болды

Димаш Құдайберген продюсер ретінде алғашқы марапатына ие болды

Әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды.

Сайттың жазуынша, 11 сәуірде Макаода өткен Weibo Gala салтанатты кешінде Димаш Құдайберген продюсер ретінде алғашқы марапатына ие болған.

Оған "Халықаралық мәдени алмасуға қосқан жылдық үлесі үшін" Weibo Macau China сыйлығы табысталған.

"Баршаңызға шын жүректен рақмет айтқым келеді. Бұл – марапат мен үшін өте ыстық. Осы уақытқа дейін әлемнің біраз мемлекетінде әнші ретінде марапатталып жүрсем, бұл – менің продюсер ретінде алған алғашқы марапатым.
"Көкжиектен асқан үн" жобасында қызметтес болған барша жанға шын жүректен алғыс айтамын. Қазақта "Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас" деген мақал бар. Барлығыңызды құшақтадым. Бұл марапатқа команданың арқасында қол жеткіздік деп санаймын. Ел аман, жұрт тыныш болсын!" - деді әнші.

Фото: dimashnews.com