Қазақстанда жаңа партия құрылатыны жарияланды

Қазақстанда жаңа партия құрылатыны жарияланды

Бастамашыл топ Қазақстанда "Әділет" атты жаңа саяси партия құрылатыны туралы мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеге сәйкес, жаңа партия прогрессивті реформаларды, Әділетті Қазақстан құру идеясын қолдайды, заң үстемдігін нығайту мен шешім қабылдау процесіне азаматтардың қатысуын кеңейтуді көздейді. Жаңа Конституция қағидаттары мен ел құндылықтары негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау негізгі мақсат пен міндет ретінде көрсетілген.
"Біз экономикасы мықты, баршаға кең мүмкіндік беретін және әлемдік қоғамдастықта беделді Әділетті мемлекетті құру және нығайту үшін барлық жауапты азаматтардың күш-жігерін біріктіргіміз келеді", - делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар, партия өз басымдықтарын жариялады:

Бастамашыл топ құрамына "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, саясаттанушы Марат Шибұтов, "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" КЕАҚ басқарма төрағасы – ректоры Лаура Қарабасова, АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, "YNTYMAQ" шағын және орта бизнес қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы" РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы Гүлзира Атабаева, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов, "Qazaqstan" РТРК тележүргізуші-журналисі Ирина Тен, "Қазақстан халқына" ҚҚ басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева және басқалар кірді.

Фото:tengrinews.kz