Қытайда "аспаннан ақша жауды": Әйел 60 миллион теңгені далаға шашқан

Қытайдың Шаньтоу қаласында пәтерінің балконында тұрған егде жастағы әйел ақшасын шаша бастады. Аспаннан жауған миллиондаған ақшаны жұрт жанталасып жинай бастады.

Қытайдың Шаньтоу қаласында сәнді пәтерде тұратын егде жастағы әйел балконынан көшедегі адамдарға шамамен 1 миллион Гонконг долларын (60 миллион теңге) шашқан.

Жұртшылық мұны "ақша жаңбыры" деп атады. Содан кейін көшеде көлік қозғалысы тоқтап қалды, өтіп бара жатқан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер ақшаны алу үшін үлкен кептеліс жасады. Кейбір азаматтар бұтақтарға ілініп қалған ақшаны алу үшін ағашқа мінді.
Оқиға орнына полиция жіберіліп, мән жайды анықтап жатыр.


Фото: видеодан кадр