Бүгін Қазақстанның екі мегаполисінде күн бұлтты болады

Бүгін Қазақстанның екі мегаполисінде күн бұлтты болады

22 сәуірде Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн бұлтты, алайда жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы 24 градусқа дейін көтеріліп, түнде 8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,6 м/с.
Астанада да күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріліп, түнде 5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,1 м/с.
Шымкентте бүгін аздаған жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін көтеріліп, түнде 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,9 м/с.

фото: pexels.com