Батыр Теңізбай жағажайдағы Азия ойындарында Қазақстанға алғашқы жүлдені сыйлады
Қазақстан құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында алғашқы медальға қол жеткізді.
Батыр Теңізбай джиу-джитсудан қола жүлдегер атанды. ҚР ҰОК мәліметінше, қазақстандық спортшы 62 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен бәсекеде отандасы Мансұр Хабибулламен кездесті. Нәтижесінде Батыр Теңізбай 2:0 есебімен жеңіске жетіп, үшінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, бүгін Жібек Құлымбетова жағажай Азиадасының қола жүлдесі үшін өткен белдесуде жеңілді.
Фото:ҰОК