Екібастұзда терезе жақтауында отырған баланы құтқарған ер адам марапатталды
Екібастұзда екі жасар баланы құтқарып қалған ер адам марапатталды. Бала көпқабатты үйдің терезесінің жанында отырған және кез келген сәтте құлап кетуі мүмкін еді. 59 жастағы Тоқан Байділдин жоғарыға өрмелеп шықты.
Ер адам немерелерімен серуендеп жүргенде ашық тұрған терезеден кішкентай баланы байқады. Ол ойыншықтарды терезеден лақтырған.
Тоқан Байділдин екінші қабатқа өрмелеп шығып, терезеден баланың ата-анасын шақыра бастады. Анасы басқа бөлмеден терезеге жүгіріп барып, ұлын алып кетті.
Құтқарушыға қала әкімшілігі ерлігі үшін алғыс айтып, жарты миллион теңгелік сертификат табыстады. Ер адамның өзі автобус жүргізушісі болып жұмыс істейді екен.
"Әрине, ең алдымен, мен баланы құтқарғым келді. Өзім туралы ойламадым. Төменде тұрып, “ол қазір секірсе, мен оны ұстап аламын" деп ойладым. Ал ол отыр, сол үшін терезеге өрмеледім”, – деді Тоқан Байділдин.
Фото:Әкімдік/Видеодан скриншот