Жаңбыр, 26 градус жылы: бүгін Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Жаңбыр, 26 градус жылы: бүгін Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болады

28 сәуірде Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда аздаған жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін көтеріліп, түнде 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,4 м/с.
Астанада жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 19 градусқа дейін көтеріліп, түнде 4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,6 м/с.
Шымкентте бүгін күн ала бұлтты болады. Күндіз 26 градус шамасында жылы болса, түнде ауа температурасы 10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,1 м/с.

Фото:Sebastian Gollnow