4 миллионнан аса қоңырау: ҰҚК Алматыда қылмыстық топты ұстады

4 миллионнан аса қоңырау: ҰҚК Алматыда қылмыстық топты ұстады

ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматыда телефон алаяқтығына қатысы бар қылмыстық топтың жолын кесті.

Схеманың мәні мен шығын көлемі
Күдіктілер байланыс операторларының бақылауын айналып өтіп, шетелден қазақстандық абоненттерге халықаралық қоңыраулар шалудың заңсыз тетігін ұйымдастырған.

"Атап айтсақ, бұлар бөгде заңды тұлғалардың атына виртуалды телефон станцияларын тіркеп, жергілікті мобильді нөмірлерді пайдаланған және арнайы зиян бағдарламалық қамтылымды қолданған. Осы схема бойынша 4 миллионнан аса қоңырау шалынып, байланыс операторларына келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңге соммасынан асты", - делінген хабарламада.

Тінту барысында техникалық құралдар мен іске қатысты өзге де заттай дәлелдемелер алынған.

Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Фото:ҰҚК Баспасөз қызметі