"Екі бала мен ересек адам зардап шекті": Түркістан облысында шибөрі балаларға шапты
Түркістан облысында ауладағы ойын балаларына шибөрі шапты. Ескі Шілік ауылына кіріп кеткен жыртқыш екі баланы талап, бір ересекті қауып үлгерген7
Қасқыр төрт жастағы баланың балтыры мен саусақтарына ауыз салыпты. Кейін 15 жастағы баланың да аяғынан тістеген. Бала-шағаға шапқан қорқауды 42 жастағы ауыл тұрғыны ұстады. Қолындағы балтасымен сұлатып, буындырып тастапты.
Бірақ шибөрі оның өзін де тістеп алған. Жыртқыштың азуы тигендер аудандық орталық ауруханада құтыруға қарсы екпе алды. Жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.
Қатты таланған кішкене бала ауруханада жатыр. Ветеринария қызметі шибөріден құтыру ауруына сынама алып, зертханаға жолдады.
Фото:depositphotos.com