Қазақстанның 17 облысын жаяу аралап, Францияға дейін барған жиһанкез қария марапатталды

Қазақстанның 17 облысын жаяу аралап, Францияға дейін барған жиһанкез қария марапатталды

Көрнекті жиһанкез, туризм саласының үздігі Сәрсенбай Қотырашовқа "Құрметті спорт қызметкері" атағы табысталды.

Жиһанкез қарияға "Құрметті спорт қызметкері" атағын Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев табыстаған.
Ведомствоның мәліметінше, тәжірибелі саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов 2022 жылы 72 жасында Қазақстанның 17 облысын жаяу аралап, 8 мың шақырым жолды жүріп өткен. Осы жетістігі үшін отандық КИнЭС рекордтар кітабына енген.
Кейінгі жылдары да ол халықаралық деңгейдегі жаяу саяхаттарын жалғастырған. 2023 жылы Атыраудан жолға шығып, Кавказ өңірі мен Грузия арқылы Түркияның Стамбұл қаласына жеткен. Ал 2024 жылы Өскеменнен бастап Алтай, Моңғолия арқылы Қытай астанасы Бейжіңге дейін барған.
2026 жылғы 3 наурызда басталған кезекті сапары аясында 76 жастағы жиһанкез Сербия, Мажарстан, Аустрия, Германия және Франция елдерін жаяу жүріп өтіп, жуырда ғана елге оралған.

Фото: ҚР Турзим және спорт министрлігі