Астанада Ғалия Балтабайдың «Тұлғалар – жауһар жандар» атты кітабының таныстырылымы өтті

6 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақ радиосының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Ғалия Балтабайдың «Тұлғалар – жауһар жандар» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Аталған еңбек – автордың бұған дейін жарық көрген «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының жалғасы, үшінші томы. Жинақта ел тарихында өшпес із қалдырған мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, мәдениет пен руханиятқа үлес қосқан тұлғалардың өмір жолы мен еңбегі баяндалады. Кітапта Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайда атап өткен «Адал табыс. Адал еңбек. Адал адам» қағидаттары аясындағы ой-толғамдар да көрініс тапқан.

Шара барысында автордың өңір журналистикасын дамытуға қосқан үлесі кеңінен айтылды. Ол – көптеген жас журналистердің ұстазы, 40-тан астам әдеби-музыкалық бағдарламаның авторы. Бүгінде оның 10-нан астам кітабы жарық көрген.📝

Таныстырылымға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері мен оқырмандар қатысты.