Оның ұшағы Бейжіңдегі Шоуду халықаралық әуежайына қонды. Трампты Қытай төрағасының орынбасары Хань Чжэн қарсы алды.
Әуежайда АҚШ пен Қытай тулары ұсталған құрмет қарауылы мен жүздеген қытайлық жасөспірім президентті қарсы алған. Трамппен бірге ұлы Эрик Трамп пен келіні Лара Трамп та келген.
Ақ үй басшысы Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен 15 мамырға дейін келіссөз жүргізеді. Кездесуде Иран мәселесі, энергетика, Тайваньға америкалық қару жеткізуі, сауда қатынастары және жасанды интеллект технологиялары талқыланбақ.
Басылымдардың мәліметінше, Вашингтон мен Бейжің қазіргі сауда келісімін сақтап қалуға мүдделі. АҚШ Қытайдан сирек кездесетін металдарды жеткізуді жалғастыруды қаласа, Қытай америкалық тарифтердің күшеймеуіне үміт артып отыр.
Дереккөз: Тiek