14 жастағы қазақстандық ауыр атлет чемпионатта екі рет рекорд жаңартты

14 жастағы қазақстандық ауыр атлет чемпионатта екі рет рекорд жаңартты

Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. 14 жастағы қыз жарыста рекорд жаңартты.

Снежана Кашкарова жасына қарамастан, қазақстандық ауыр атлетикада өз орнын таба алды. Текелінің 14 жасар спортшысы Талдықорғанда өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, 58 келі салмақ дәрежесінде жаңа ұлттық рекорд орнатты. Серпе көтеруде Кашкарова 115 келі көтеріп, жалпы 203 келі жинады.
Осылайша ол ұлттық рекордтарды орнатты.
Фото: sportarena.kz