Ұлыбританиядағы Қазақ орталығы Жалғасқали Дүтмағамбетов кітабының тұсаукесеріне шақырады

Ұлыбританиядағы Қазақ орталығы сіздерді Жалғасқали Дүтмағамбетовтың «1812: Соғыс және бейбітшілік» атты кітабының тұсаукесеріне шақырады.

Ж.Дүтмағамбетов – жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреты, «Жорық жырлары», «Тұлпар және оның тұяқтары», «Тағдырлар тоғысқанда», «Мәңгілік Махамбет» және «1812 жыл. Соғыс және бейбітшілік» атты еңбектердің авторы.

«1812: Соғыс және бейбітшілік» – тарихи шындыққа негізделген кең ауқымды шығарма.

🔹 1812 жылғы соғыс оқиғалары мен тарихи кезең кеңінен қамтылады
🔹 Қазақ жауынгерлерінің ерлігі мен ел тарихындағы рөлі айқын көрініс табады
🔹 Мұрағат деректері мен нақты тарихи материалдарға сүйеніп жазылған
🔹 Парижге дейін жеткен жорықтар мен дәуір тынысы әсерлі суреттеледі



📍 Іс-шара туралы

📅 Күні: 16 мамыр
🕒 Уақыты: 14:00 – 17:00
📍 Өтетін орны: St Gabriel's Parish House, Churchill Gardens, Pimlico, London, SW1V 3AA
✨ Кіру тегін!


Тарихқа, әдебиетке және мәдениетке қызығушылық танытатын баршаңызды осы ерекше кешке шақырамыз.
Автордың өзімен жүздесіп, мазмұнды сұхбатқа қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!




Фото: anatili.kz