Қазақстанда жасанды жолмен жаңбыр шақырылады

Қазақстанда жасанды жолмен жаңбыр шақырылады

Қазақстан су тапшылығы мәселесін шешу үшін жасанды жаңбыр жобасы іске қосылмақ. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті арасындағы кездесу барысында мәлім болды

Түркістан облысы БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен бірге су қоймаларын толтыру және ауыл шаруашылығы жерлеріне су жеткізу мақсатында жауын-шашынды жасанды жолмен шақыратын бастаманы жүзеге асыратыны хабарланды. Аталған жоба биыл 17 мамырда іске қосылады.

Осылайша, Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болмақ.
Фото:depositphotos.com