Астанада күн суытып, Алматыда жылынады: 16-18 мамырға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 16, 17 және 18 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты
Астанадағы ауа райы болжамы
16 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7, күндіз 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +24...+26 градус болады.
17 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 3-8, күндіз 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +25...+27 градус болады
18 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, күндіз +25...+27 градус болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
16 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +20...+22 градус болады.
17 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +23...+25 градус болады.
18 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +25...+27 градус болады.
Қазақстанда ауа райы бұзылады
Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстандағы ауа райын циклон мен атмосфералық фронттар анықтайтынын хабарлаған болатын. Елдің батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, 18 мамырда батыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
16–17 мамыр түнде солтүстік пен шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады. Сондай-ақ солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнде 6 градусқа дейін үсік жүреді.
Фото © Tengrinews.kz