Алматыда Бәкір Тәжібаевтың жыр жинағы таныстырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ақын, композитор әрі драматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен мәдениет саласының өкілдері қатысты.
Кеш барысында қатысушылар қаламгердің өмір жолы мен қазақ әдебиеті, музыкасы және театр өнерінің дамуына қосқан үлесін кеңінен сөз етті.
Сонымен қатар іс-шара аясында ақынның шығармаларын қамтыған "Есіңе ал" атты жыр жинағының таныстырылымы өтті.
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі