Биыл еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау қалай өтеді: Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

Биыл еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау қалай өтеді: Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

Қазақстан мектептерінде оқу жылы аяқталуға жақын. Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының соңындағы іс-шаралардың қандай форматта өтетінін мәлім етті

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оқушылар бірер күннен соң оқуды тәмамдайды. Оқу жылы 25 мамырда аяқталады.
Биылғы 9 және 11 сынып оқушыларының мектеп бітіруіне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар қандай форматта өтетінін анықтау үшін ведомствоның баспасөз қызметіне хабарласты.
"Оқу жылының аяқталуын атап өту үшін мерекелік іс-шара ұйымдастыру туралы шешімді мектептер өз бетінше қабылдайды. Мектептің барлық дәстүрі, соның ішінде мектепке және мұғалімдерге алғыс білдіру, өлең оқу, ән айту және түлектердің вальсі сақталады", - деп жауап берді Оқу-ағарту министрлігі өкілдері.
Министрлік барлық мектептерде "Білім - Отаныма!" тақырыбында сынып сағаттары өтетінін атап өтті.
Фото: NUR.KZ