Мәжіліс Салық кодексін жаңа Конституцияға сәйкестендіретін заң қабылдады

Мәжіліс Салық кодексін жаңа Конституцияға сәйкестендіретін заңды екі оқылымда қабылдады.

Заң жобасын таныстырған Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков жаңа нормалардың бір парасы салық заңнамасына Құрылтай, Қазақстан Халық кеңесі сияқты жаңадан құрылатын институттарды енгізуге бағытталатынын атап өтті.

— Бұл заң 15 наурыздағы республикалық референдум қорытындысы бойынша Конституцияға енгізілген түзетулер мен өзгерістерді, Конституциялық сот туралы Конституциялық заңға енгізілген түзетулерді іске асыру мақсатында әзірленді. Құжатта аймақ атауларын көрсету тәртібін Астанаға басымдық бере отырып реттеу ұсынылады. Азаматтардың Конституциялық сотқа жүгінген кезде төленетін мемлекеттік бажды алып тастау ұсынылады, — деді депутат.

Аталған заң қазақстандықтарды Конституциялық сотқа жүгінген кезде мемлекеттік баж төлеуден босатады. 

Фото: Kazinform