Таеквондодан Азия чемпионаты: Қазақстан турнирді төрт медальмен аяқтады
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында таеквондодан Азия чемпионаты аяқталды.
Құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасы төрт қола медаль жеңіп алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Самирхон Абабакиров (63 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін) және Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
Айта кетейік, Қазақстан семсерлесуден Швейцариядағы әлем кубогы кезеңінде бесінші орын алды.
Батуттағы гимнастикадан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды.
Фото: ҚР ҰОК