Астана прокуратурасы заңбұзушылықтарды анықтауға спутниктік бақылауды қолданбақ

Астана прокуратурасы заңбұзушылықтарды анықтауға спутниктік бақылауды қолданбақ
 Астана қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов ғарыштық технологиялар, спутниктік мониторинг және геоақпараттық жүйелер саласындағы еліміздің жетекші кәсіпорындарының бірі болып табылатын «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ мүмкіндіктерімен танысты.

Астана қалалық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында жер ресурстарын пайдалануды бақылау, құрылыс объектілеріне мониторинг жүргізу және заңнама бұзушылықтарын анықтау үшін қолданылатын спутниктік мониторинг, геоақпараттық платформалар және талдамалық жүйелер саласындағы заманауи шешімдер таныстырылды.

Мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру, тәуекелдерді талдау және құқыққұзушылықтардың алдын алу үшін цифрлық технологияларды практикалық қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл перспективалары және мемлекеттік органдардың жұмысында заманауи технологиялық шешімдерді одан әрі пайдалану мәселелері талқыланды.

стана қаласының прокуратурасы заңдылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен мемлекеттік мүдделерді қорғауға бағытталған заманауи тәсілдер мен цифрлық шешімдерді енгізу бойынша жұмысты алдағы уақытта да жалғастырады,-делінген хабарламада.

Астана қаласының прокуратурасы заманауи цифрлық құралдарды енгізу және заңдылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында талдамалық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.



Фото: Бас прокуратура