Көз ауруларының түрі көп. Алайда оның алдын алу жайын көпшілігіміз ескере бермейміз.
Түркиялық білікті маман, фтольмолог-хирург Абдулхаким Текче Астанаға келген жұмыс іссапарында пациенттермен сөйлесіп, диагностика жасап, кәсіби кеңес берді. «Қазақ» радиосынан эфирге шығатын «Мінбер» хабарына қонақ ретінде шақырылып, радиотыңдаушыларға «Көз аурулары: оларды емдеу және профилактикасы» тақырыбында сұхбат берді. Катаракта мен глаукома т.б. көз ауруларының емі жоқ емес, бар. «Тек білікті мамандарға жүгіну керек әрі күтінген дұрыс», - дейді А.Текче. Хабардың толық нұсқасын сілтеме бойынша тыңдай аласыз.