Президент атынан Қанат Айтбаевқа мемлекеттік награда табысталды

Президент атынан Қанат Айтбаевқа мемлекеттік награда табысталды

Мемлекет басшысының атынан "ДимашАли" шығармашылық орталығының жетекшісі, композитор, продюсер, музыкант Қанат Айтбаевқа "Парасат" ордені табысталды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қанат Айтбаевқа мемлекеттік награда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай берілген және президенттің атынан премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстаған.

Аида Балаева Қанат Айтбаевтың отандық мәдениет пен өнерді дамытудағы елеулі еңбегін, сондай-ақ қазақстандық музыка өнерін қолдау және кеңінен насихаттау жолындағы үлесін ерекше атап өткен.
Айта кетейік, "Парасат" ордені ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер салаларын дамытуға сіңірген айрықша еңбегі, сондай-ақ елдің рухани және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан үлесі үшін беріледі.
Қанат Айтбаев жеке жағдайына байланысты бұған дейін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатыса алмаған.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі