Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Кипр президентін қарсы алды
Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырған.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Кипрдің әнұрандары шырқалған.
Фото: Ақорда