Си Цзиньпин жеті жылдан кейін Солтүстік Кореяға барды

Си Цзиньпин жеті жылдан кейін Солтүстік Кореяға барды

Қытай басшысын Пхеньян әуежайында Ким Чен Ын қарсы алды.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин 8 маусым күні Солтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барды.
Жэньминь жибао газетінің ақпаратынша, Пхеньян әуежайында Қытай көшбасшысын КХДР Мемлекеттік істер жөніндегі төрағасы Ким Чен Ын және оның жұбайы Ли Соль Чжу қарсы алды.
Сапар 8-9 маусым аралығында өтеді. Қытай басшысы Пхеньянға Ким Чен Ынның шақыруымен барған.
Сапар аясында Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын екіжақты қарым-қатынасты дамыту және дәстүрлі достық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.
Сапар алдында Солтүстік Кореяның ресми басылымында жарияланған мақаласында Қытай басшысы Ким Чен Ынмен кездесуді асыға күтетінін айтып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың болашағына қатысты пікір алмасуға ниетті екенін мәлімдеді.

Фото: АР