Түркістан облысында жаңа прокурор тағайындалды

Түркістан облысында жаңа прокурор тағайындалды

Түркістан облысында жаңа прокурор тағайындалды. Мемлекет басшысының келісімімен, Бас прокурордың бұйрығымен бұл лауазымға 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Мырзакеров тағайындалды

Бауыржан Мырзакеров еңбек жолын Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әр жылдары Сарыөзек, Өскемен және Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары, Бас прокуратура қызмет бастығының орынбасары, қызмет бастығы, сондай-ақ елорда прокуроры лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың мамыр айынан бастап Қарағанды облысының прокуроры лауазымында қызмет етті.
Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін I және II дәрежелі "Даңқ" ордендерімен марапатталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Фото: t.me/GenPr