Қазақстан Түркі академиясы Ғылыми кеңесіндегі төрағалықты қабылдап алды

Қазақстан Түркі академиясы Ғылыми кеңесіндегі төрағалықты қабылдап алды

Іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің білім және ғылым саласына жауапты мемлекеттік органдарының басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің жетекшілері қатысты.

Түркістан қаласында Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің VIII отырысы өтіп, Қазақстан ұйымның Ғылыми кеңесіндегі төрағалықты қабылдады.
Іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің білім және ғылым саласына жауапты мемлекеттік органдарының басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің жетекшілері қатысты.
Жиынды Түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаев ашып, Академияның түркі әлеміндегі ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дамытудағы рөліне тоқталды. Ол ортақ тарихи-мәдени мұраны зерттеу, ғылыми байланыстарды нығайту және бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстардың маңызын атап өтті.
Отырыста ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйлеп, Түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми және білім беру ынтымақтастығын кеңейтудің стратегиялық мәніне назар аударды.
Министрдің айтуынша, бұл басқосу Академияның бүгінге дейінгі жетістіктерін қорытындылап қана қоймай, 2009 жылы Нахчыван қаласында өткен Түркі мемлекеттері саммитінде Қазақстан көтерген бастаманың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.
Түркі мемлекеттері ұйымының зияткерлік әрі ғылыми тірегі ретінде Академия ортақ тарихи, тілдік және мәдени мұрамызды нақты ғылыми жобаларға айналдырып келеді. Бүгінде ол түркі әлемінің жетекші ғалымдары мен сарапшыларын ортақ мақсаттар төңірегіне біріктіретін бірегей алаңға айналды, – деді Саясат Нұрбек.

Фото: Ғылым және жоғарғы білім министірлігі