Бүгін еліміздің мегаполистерінде жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің мегаполистерінде жаңбыр жауады

Астана, Алматы мен Шымкентте 11 маусымда ауа райы қандай болады? Күн райы болжамын OpenWeather порталы жария етті

Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріліп, түнде 17 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,5 м/с болмақ.
Синоптиктердің болжамынша, Астанада өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін жетіп, түнде 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,8 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 32 градусқа дейін жетіп, түнде 18 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,8 м/с деңгейінде болмақ.
Фото: pexels.com