Энергетикалық сусындарға шектеу қоятын заң неге жұмыс істемейді?

Энергетикалық сусындар жастар арасында кең тарады. Бұл құбылыс Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге тән. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының деректері бойынша, 2006 жылдан бастап әлемде 500-ден астам энергетикалық сусын бренді пайда болды. Студенттер мен жұмысшылар тәтті сусындармен қуат тапшылығын толтырып жатыр, бірақ дәрігерлер дабыл қағады, мемлекеттер мұндай тауардың сатылымына шектеу қойып, кейбірі толық тыйым салып жатыр.

Қазақстан да сол мемлекеттердің қатарында тұр – 2025 жылдан бастап 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды. Бірақ бір мәселе бар – бұл түзетулер жоспарлағандай, 2025 жылдың 1 қаңтарында емес, тек бірнеше апта бұрын күшіне енген. Бұл дүкендерде бір жарым жыл бойы, заң күшіне енгеніне қарамастан 21 жасқа толмағандарға энергетик сусындарды сатып келгенін білдіреді. Ең бастысы – сатушылар ешқандай жазаға тартылмады, себебі оған тыйым салатын заң бір жарым жыл бойы жұмыс істемеді. Оған кім жауапты? Дәл осы сұрақты «Amanat» партиясының депутаттары денсаулық министрі Ақмалар Әлназароваға жолдаған депутаттық сауалында қойды.

Басқа мемлекеттердің мысалын қарайық. 2010 жылы 10 қарашада АҚШ-тың Вашингтон мен Мичиган штаттарында көптеген оқиғасынан кейін алкоголь қосылған энергетикалық сусындар сатылымына толығымен тыйым салынды. Кейін, ол жылдың 4 желтоқсанында бұл тыйымды Оклахома мен Нью-Йорк штаттары да қолдады.

Еуропада энергетикалық сусындардға шектеу салған бірінші ел – Германия. 2009 жылы оның бірнеше аймағында Red Bull Cola сусынына тыйым салынды. Оның себебі – құрамында кокаин бар деген лақап. Бірнеше тексеруден кейін бұл деректі жоққа шығарып, шектеуді алып тастады. Энергетикалық сусындарға шектеу салған және оны ешқашан алып тастамаған бірінші еуропалық ел – Литва. Онда 2014 жылы 18 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу туралы заң шықты, Латвия да дәл сондай шектеуді заңнамасына енгізді. Ең соңғы мысалдардан Норвегияны айтуға болады. Онда 2026 жылдан бастап 16 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынды.

Айтылған елдердің энергетикалық сусындарды сату жасы бізден әлдеқайдан төмен – 16, 18 жас болса, бізде шектеу 21 жасқа қолданылады. Студенттерге бұл өкінішті жаңалық болса, ата-аналары бұл шектеуді қолдайды:

«Мен энергетикалық сусындарды қолданбаймын. Gorilla, Dizzy ішпеймін. Басқаларға да ішкге кеңес бермеймін. Балаларға, тіпті ересек адамдарға ішуге болмайды деп есептеймін», – дейді екі баланың анасы Гүлдана Темірова.

Айтылған елдерде энергетикалық сусынды балаларға сату үшін айыппұл жазасы қолданылады. Қазақстанда да 2025 жылдың 20 қаңтарында энергетикалық сусындар туралы заңға айыппұл қолданатын түзету енгізілді. Бірақ басқа елдерде айыппұл көлемі ол елдің минималды жалақысына сай келсе (Польшада 470 еуро, Литвада 58-116 еуро, Латвияда 500 еуроға дейін), Қазақстанда – 30 АЕК (2025 жылы – 129 750 тг). Ол – Қазақстанның минималды жалақысы үшін (85 000 тг) өте үлкен сома. Сатушылар оған қарамастан жаңа заңды толығымен қолдайды:

«Бұл шектеу саудамызға әрине әсер етуі мүмкін. Бірақ бірінші орында денсаулық тұруы керек. Бәріміз бала өсіріп жатырмыз, ол баланың денсаулығы саудадан маңызды. Сол себепті жаңа шектеуді толықтай қолдаймын», – деді сатушы Ердәулет Орынбаев.

Өкінішке қарай, депутаттық сауалдың берілген күнінен 3 аптадан аса өтсе де, жауап келмеді. Сондықтан айтылған заңның неге толық күшіне енбегенін және оған жауапты адамдар қандай да бір жазаға тартыла ма деген сұрақтар жауапсыз қалды.


Maqsut Narikbayev University-нің 2 курс студенті Умиралиев Абылай

Фото: mk-yamal.ru