«ӘДІЛЕТ» партиясының II съезінде күн тәртібіндегі үшінші мәселе – AMANAT партиясының «Әділет» партиясына қосылуы бойынша шешім қабылданды.
Есеп комиссиясының мәліметінше, ұсынылған шешімді съезд делегаттары бірауыздан қолдап дауыс берген. Қарсы дауыс бергендер мен қалыс қалғандар болған жоқ.
Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, қабылданған шешім екі ұйымның бірігуі ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы прогрессивті және жауапты саяси күштердің консолидациясын білдіреді.
"Бүгін біз маңызды саяси қадамға куә болып отырмыз. Бұл тек екі партияның бірігуі емес, ортақ мақсат жолында әрекет ететін саяси күштердің топтасуы", – деді ол.
Дереккөз: baq.kz