Жеке кабинет жаңарады: eGov-та жаңа талаптар мен функциялар бекітілді
Қазақстанда азаматтардың цифрлық кеңістігіне қойылатын талаптар бекітілді, деп хабарлайды «24KZ». Тиісті бұйрыққа Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қол қойды.
Құжатқа сәйкес, eGov порталындағы азаматтардың жеке кабинеттерінде бірқатар жаңа функциялар іске қосылады. Атап айтқанда, пайдаланушылар цифрлық кеңістіктегі ақпараттың өзектілігін тексере алады, мемлекеттік қызметтерді алу тарихын көре алады.
Сондай-ақ маңызды операциялар мен өзгерістер туралы push-хабарламалар, SMS немесе электрондық пошта арқылы хабарлама алу қарастырылған.
Бұдан бөлек, хабарландырулар мен қауіпсіздік параметрлерін баптау және электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын кері қайтарып алу мүмкіндігі енгізіледі. Мамандардың айтуынша, цифрлық кеңістік азаматтың мемлекеттік қызметтермен өзара әрекеттесуін бір жүйеге біріктіріп, деректердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырады. Құжат 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Фото:gov.kz