ӘЧ-2026: Франция, Норвегия және Аргентина турнирді жеңіспен бастады
Әлем чемпионатының топтық кезеңі жоғары қарқынмен өтіп жатыр. Бірінші турда фавориттер өз деңгейін дәлелдеп, сенімді жеңістерге қол жеткізді.
Франция 3:1 Сенегал
Франция құрамасы Сенегалға қарсы ойында 3:1 есебімен жеңіске жетті. Матчтың соңғы минуттарында да шабуыл қарқыны бәсеңдеген жоқ.
Гол авторлары:
Килиан Мбаппе – 66', 90+6'
Барколя – 82'
Мбайе – 90+5' (Сенегал)
Килиан Мбаппе бұл ойында дубль жасап, Франция құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.
Норвегия 4:1 Ирак
Норвегия құрамасы Иракты 4:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Команда шабуылда өте тиімді ойнады.
Гол авторлары:
Холанд – 29', 43'
Хуссейн – 39'
Эстигор – 76'
Торстведт – 90+6'
Холанд алғашқы әлем чемпионатында-ақ дубль жасап, турнирдің басты жұлдыздарының бірі екенін көрсетті.
Аргентина 3:0 Алжир
Аргентина алғашқы матчта Алжирді 3:0 есебімен жеңіп, сенімді старт алды. Кездесудің басты қаһарманы – команда капитаны.
Гол авторы:
Лионель Месси – хет-трик
Лионель Месси бұл матчта үш гол соғып, әлем чемпионаттарындағы жалпы гол санын 16-ға жеткізді және Мирослав Клозенің рекордын қайталады.
Алғашқы турда-ақ фавориттер өз мықтылығын дәлелдеді. Франция, Норвегия және Аргентина келесі кезеңге сенімді қадам басты.
Фото: скрин