Бейсенбіде Қазақстанның үш мегаполисінде де өткінші жаңбыр күтіледі
18 маусымда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,5 м/с.
Астанада да өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін көтеріліп, түнде 18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,1 м/с.
Шымкентте де бүгін өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз термометр бағанасы 35 градусқа дейін жетіп, түнде 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 5,1 м/с.
Фото: pexels.com