ӘЧ-2026: Харри Кейннің екі голы Англия - Хорватия кездесуінің тағдырын шешті

ӘЧ-2026: Харри Кейннің екі голы Англия - Хорватия кездесуінің тағдырын шешті 

Англия құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы мачтында Хорватиядан басым түсті
L тобындағы бірінші тур ойыны Арлингтондағы "Эй-Ти-энд-Ти" стадионында өтіп, 4:2 есебімен ағылшындардың жеңісімен аяқталды.
Англия құрамасы сапында шабуылшы әрі команда капитаны Харри Кейн дубль жасады (12 және 42-минуттарда), оның біріншісі пенальти болды.
Сондай-ақ жартылай қорғаушылар Джуд Беллингем (47-минутта) мен шабуылшы Маркус Рэшфорд (85-минутта) та гол соқты.
Ал хорватиялықтар арасында жартылай қорғаушы Мартин Батурина мен шабуылшы Петар Муса көзге түсті. Батурина ойынның 36-минутында гол соқса, Муса 45+5 уақытта өз мүмкіндігін тиімді пайдаланды.
Бұл жеңіс Англияға үш ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастауға мүмкіндік берді.
L тобында Гана мен Панама да бар. Командалардың арасындағы кездесу 1:0 есебімен Гананың пайдасына шешілді.

Фото: Marvin Ibo Guengoer - GES Sportfoto/Getty Images