"Қайталау қиын болады": жаңа әнінің ырғағына билеген Димашқа желі қолданушылары тәнті болды
Димаш жақында желіде би челленджін жариялады. Әнші жаңа әнінің ырғағына сай биін көрсетті.
"Бейнероликтеріңізді 1 тамызға дейін бөлісіп үлгеріңіздер. Ең көп қаралым жинаған бейнежазба авторы менің жаңа музыкалық бейнебаянымның түсіріліміне қатысуға шақырту алады. Сіздердің бейнероликтеріңізді күтемін, ал әзірге өзімнің нұсқамды ұсынайын", - деді әнші.
Димаштың биіне жанкүйері бірден пікір қалдыра бастады.
"Әдемі ән, әдемі би", "Уау, керемет! Қандай жалындаған би. Димаш, сен – отсың", "Енді байқауды аяқтай салса да болады, Димаштан артық ешкім билей алмайды", "Уау! Қайталау қиын болады", - деп пікір қалдырды олар.
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash