Тоқаев Еуропалық кеңес президентімен бейресми кездесу өткізді

Тоқаев Еуропалық кеңес президентімен бейресми кездесу өткізді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельде Еуропалық кеңес президенті António Costaмен бейресми кездесу өткізді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу Еуропа Одағы жетекшілерімен өтетін келіссөздер қарсаңында ұйымдастырылды.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия астанасы Брюссельге ресми сапармен барды. Сапар аясында мемлекет басшысының Еуропалық одақ басшылығымен және бірқатар еуропалық серіктестермен кездесулері жоспарланған.

Фото: Ақорда