Месси әлем чемпионаты тарихындағы ең көп гол соққан ойыншы атанды
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік бомбардир атанды.
Аргентина мен Австрия арасындағы J тобындағы екінші тур матчында Лионель Месси әлем чемпионатындағы 17-голын соқты. Осылайша 16 гол соққан Германияның бұрынғы шабуылшысы Мирослав Клозені басып озды.
Бразилияның бұрынғы шабуылшысы Роналду 15 голмен үшінші орында. Килиан Мбаппе мен Герд Мюллердің әрқайсысында 14 гол бар.
Матчта Аргентина 1-0 есебімен жеңді.
Айта кететін жайт, Месси тоғызыншы минутта австриялық қақпашы Александр Шлагерге қарсы пенальти соға алмады. Пенальти Лаутаро Мартинеске қарсы фол үшін берілді.
ФИФА әлем чемпионатындағы Аргентина-Австрия матчы 22 маусымда Қазақстан уақыты бойынша сағат 22:00-де басталды.
Фото: depositphotos.com