Дәрігер аптап ыстықта мнідетті түрде тұтыну керек өнімді атады

Дәрігер аптап ыстықта мнідетті түрде тұтыну керек өнімді атады  

Диетолог Пабло Охеда аптап ыстық ауа райында міндетті түрде балық өнімдерін рационға қосуға кеңес берді. Диетолог жазғы мәзірді міндетті түрде балықпен толықтыруға кеңес берді.
“Балық ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартып, ағзаны сапалы ақуызбен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бұл өнім жеңіл қорытылатындықтан, оны жегеннен кейін адам асқазанда ауырлық сезінбейді”, – дейді Пабло Охеда.
Маманның пікірінше, ыстық күндері балық ағзаға қажетті қоректік заттарды беріп, өзіңді жеңіл әрі сергек сезінуге көмектеседі.
“Балықтың құрамында ағзаға пайдалы омега-3 май қышқылдары мен түрлі минералдар бар. Сондықтан ол ми мен жүректің жұмысын жақсартуға көмектеседі”, – дейді дәрігер.
Пабло Охеда балықты пеште пісіруді, қайнатуды, бұқтыруды, буға пісіруді немесе грильде дайындауды ұсынады. Сондай-ақ маман балықты аптасына екі-үш рет тұтынған дұрыс дейді.

Фото: