"Шалқар" ұлттық радиоарнасының журналисті Гүлнұр Омарханқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің "Парламент сөзі" сыйлығының иегері атанды.
Бүгін байқау жеңімпаздары марапатталды. Мәртебелі сыйлықты Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов табыстап, журналистер қауымның еңбегіне алғысын білдірді. Үздіктер 7 аталым бойынша марапатталды.