Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде аздаған жаңбыр жаууы ықтимал
29 маусымда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады?Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз
ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріліп, түнде 23 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,4 м/с.
Астанада аздаған жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы 24 градусқа дейін көтеріліп, түнде 17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,5 м/с.
Шымкентте бүгін күн бұлтты болады. Күндіз термометр бағанасы 31 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 5,4 м/с.
Фото: Sasiistock/iStock/Getty Images Plus