Қазақстан мен Грузия жаңа келісімдерге қол қояды: Кобахидзе Астанаға келді

Қазақстан мен Грузия жаңа келісімдерге қол қояды: Кобахидзе Астанаға келді

Сапар аясында Қазақстан Президенті мен Грузия үкіметі басшысының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді.

Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Қазақстанға ресми сапармен келді. Оны Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сапар аясында Қазақстан Президенті мен Грузия үкіметі басшысының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. Кездесу барысында тараптар қазақ-грузин ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды.

Келіссөздер аяқталғаннан кейін екі елдің салалық мемлекеттік органдары түрлі бағыттағы ынтымақтастық туралы бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды.

Бағдарламаға сәйкес, Ираклий Кобахидзе Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновпен де кездеседі. Кездесуге екі ел үкіметтерінің мүшелері қатысып, сауда-экономикалық байланыстарды, көлік-логистика, инвестиция және өзге де бағыттардағы өзара іс-қимылды талқылайды.

Бұл сапар екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге және стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі және салалық ведомстволар арасындағы бірқатар кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстан мен Грузия арасындағы әріптестікті одан әрі нығая түседі деп күтілуде.


Фото: BAQ.KZ