Бельгия құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Сенегалдан шешуші сәтте жеңісті жұлып алды
Бельгия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Сенегал құрамасымен тартысты ойын өткізіп, жеңіске жетті.
Плей-офф кезеңінің матчы АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы "Люмен Филд" стадионында өтті және қосымша уақытта 3:2 есебімен аяқталды.
Алғашқы екі голды сенегалдықтар соқты. Гол авторлары – жартылай қорғаушы Хабиб Диарра (24-минут) мен шабуылшы Исмаилл Сарр (51-минут).
Бельгиялық команда форвард Ромелу Лукаку (86) мен жартылай қорғаушы Юри Тилеманстың (89) голдарының арқасында ойынның соңғы минуттарда есепті теңестірді. Қорғаушы Томас Менье мен вингер Леандро Троссард нәтижелі пас беріп көзге түсті.
Матч қосымша уақытта жалғасты. Ойын соңында төреші VAR жүйесін қарап шыққаннан кейін Сенегал қақпасына пенальти белгіледі. Тилеманс (120+5) пенальтиді голға айналдырды.
Осылайша Бельгия құрамасы 1/8 финалға шықты, онда олар АҚШ-пен кездеседі.
Сарр бұл турнирді төрт голмен аяқтады, бұл африкалық футболшылар арасында бір әлем чемпионатында ең көп гол соққан камерундық Роже Милланың рекордына теңесті.
Фото: Royal Belgian FA