Бүгін Астана мен Алматыда күн салқындап, жаңбыр жаууы ықтимал

Бүгін Астана мен Алматыда күн салқындап, жаңбыр жаууы ықтимал 

3 шілдеде Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріліп, түнде 17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,1 м/с.

Астанада өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріліп, түнде 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9,1 м/с.
Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы 32 градусқа дейін жетіп, түнде 18 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 5,4 м/с.

Фото: pexels.com