Алматыдағы хайуанаттар бағында 20 жылда алғаш рет әлемдегі ерекше жануарлардың бірі төлдеді
Алматы хайуанаттар бағында Арчи мен Белла есімді жанаттардың үш төлі дүниеге келді. Бұл жанаттар отбасында кейінгі 20 жылға жуық уақытта болған алғашқы толығу.
Кішкентай жанаттар 27 сәуірде туған. Баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы айларда олар анасымен бірге ұяда болып, сыртқа шықпаған. Белла төлдерін ерекше қамқорлықпен бағып, оларға ешкімді жолатпаған. Қазір күшіктер өсіп, өздігінен қозғала бастағандықтан, үлкен қоршауға шығып, айналаны қызығушылықпен зерттеп жүр.
Төлдердің жынысы әзірге белгісіз, сондықтан оларға есім кейінірек беріледі.
Фото: Алматы хайуанаттар бағы баспасөз қызметінің фотосы