Бір айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 125 қылмыс тіркелді
Биыл маусым айында Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 125 құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.
Тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің ішінде:
парақорлық – 97;
алаяқтық – 9;
лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану – 8;
жымқыру – 7;
қызметтік жалғандық – 3;
билікті асыра пайдалану – 1.
Қылмыстық істер бойынша 67 адам күдікке ілінді. Сондай-ақ 149 қылмыстық істі тергеу аяқталып, оның 129-ы сотқа жолданды.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залалдың жалпы сомасы 4,7 млрд теңгені құрады. Оның 2,1 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды. Сонымен қатар құны 971,4 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды, – деп хабарлады комитет.
Фото: ridus.ru