Бүгін еліміздің мегаполистерінде 39 градусқа дейін ыстық және өткінші жаңбыр күтіледі

Бүгін еліміздің мегаполистерінде 39 градусқа дейін ыстық және өткінші жаңбыр күтіледі 

Астана, Алматы мен Шымкентте 9 шілдеде ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті.
Синоптиктердің болжауынша, бүгін Алматыда өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,4 м/с болмақ.
Астанада күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін жетіп, түнде 19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,8 м/с болады.
Шымкентте де бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 39 градусқа дейін жетіп, түнде 25 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 9,7 м/с деңгейінде болмақ.

Фото: Buddhika Weerasinghe/Getty Images