Тоқаев Алатау қаласын дамытуға қатысты жарлыққа қол қойды

Тоқаев Алатау қаласын дамытуға қатысты жарлыққа қол қойды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 8 шілдеде бірнеше заң мен жарлыққа қол қойды. Олардың арасында Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы жарлық та бар, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бірнеше заңға қол қойғанын хабарлады.
Олар:
"Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 1015 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлық;
"Топырақты қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы".
Аталған заңдар мен жарлықтың мәтіні баспасөзде жарияланбақ

Фото: Ақорда