Тоқаев бірқатар елдегі елшілерді ауыстырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Әбілқайыр Сқақов Қазақстан ның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Бақыт Батыршаев Қазақстанның Қатардағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Анель Бақытбекқызы Қазақстанның Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Болат Иманбаев Қазақстанның Сербиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Армениядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
Қазақстанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстанның Бангладештегі, Бутан Корольдігіндегі, Мальдивтегі, Непалдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
Сонымен қатар Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Рәпіл Жошыбаев Қазақстанның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
Арман Исағалиев Қазақстанның Қатардағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
Мәди Атамқұлов Қазақстанның Сербиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Фото: Ақорда