Сәрсенбіде еліміздің бір мегаполисінде 42 градус аптап күтіледі

Сәрсенбіде еліміздің бір мегаполисінде 42 градус аптап күтіледі 

Астана, Алматы мен Шымкентте 15 шілдеде ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, түнде 23 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,3 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 33 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,4 м/с болады.
Шымкентте бүгін жауын-шашын күтілмейді. Күндіз термометр бағаны 42 градусқа дейін жетіп, түнде 24 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 7,1 м/с деңгейінде болмақ.

Фото: Nikolay DOYCHINOV / AFP via Getty Images