2026 жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өсті. Нақты сектордағы өсім 5,1%-ды, ал қызмет көрсету саласындағы өсім 3,5%-ды құрады.
Ең жоғары өсім құрылыс саласында тіркеліп, 15,2%-ға жетті. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі 9,8%-ға, көлік қызметтері 7,1%-ға, сауда 5,7%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4%-ға және байланыс қызметтері 4,3%-ға өсті.
Құрылыс саласындағы жоғары өсім тұрғын үй, инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік, әлеуметтік және коммуналдық жобалардың жүзеге асырылуымен байланысты.
Жыл басынан бері елде 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Фото: kaz.orda.kz